Сұхбат

“Ешкім жазасыз қалмауы керек”: Дәулет Мұқаев Талғардағы қылмыс жайлы айтты

Әлеуметтік желіде теріс ақпарат таратып жатқан азаматтар бар

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевпен Newsroom.kz сайтының тілшісі Талғардағы орын алған қылмысқа қатысты сұхбаттасты.

- Талғарда орын алған қылмысқа қатысты депутаттық ойыңызды айтсаңыз.

- Қылмыс бойынша Үкімет мүшелері толық хабардар. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің және Бас прокурор Берік Ноғайұлы Асыловтың жіті бақылауында. Орын алған өрттен кейін отбасы мүшелері толығымен 24 сағат бойы мемлекеттің күзетіне өтті.

Әлеуметтік желіде теріс ақпарат таратып жатқан азаматтар бар. Сондықтан менің айтқым келетіні, біріншіден- тек ресми ақпараттарға сену керек. Екіншіден, ешкім жазасыз қалмауы керек.

Егер ертеңгі күні кінәлі азаматтар жазасыз кетіп қалатын болса, бірінші кезекте мемлекет ретінде өзімізге сын болады. Сондықтан кінәлілер заң алдында өз жазасын алуы керек.

Тағыда бір түсіндіріп өткім келеді, тергеу шаралары бар, сот процессі бар. Бұл бірнеше айға созылатын сот процессінің бірі деп бағасын бергім келеді.

- Талғарда орын алған жағдайға криминалды қылмыстық топтың қатысы бар деген ақпаратқа не айтасыз?

- Бұл ақпаратты тек әлеуметтік желіден ғана көрдім. Оны дәлелдейтін факт болмағаннан кейіннен нақты осының ісі деп айту қиын. Айтып өткенімдей, тергеу шараларында барлығы анықталуы керек.