Сұхбат

“Бизнесте ең әуелі кәсібилік маңызды”- Qazbilim Group компаниясының иесі

Білім саласындағы кәсіп әр адамның күнделікті карым-қатынасына байланысты

Бүгін Алматы қаласында өткен "Sana Business" форумында спикер Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы Аятжан Ахметжанмен Newsroom.kz сайтының тілшісі білім саласындағы бизнес жайлы сұхбаттасты.

- Білім саласындағы кәсіптің өзге салаға қарағанда қиындығы мен ерекшелігін айтсаңыз.

-Дүниедегі ең қиын жұмыс адаммен жұмыс. Білім саласындағы кәсіп әр адамның күнделікті карым-қатынасына байланысты. Бұл саладағы ең ауыр дүние - бір ұлттың тағдырын жасап жатқан қауым болу. Ал тағдырға әсер ететін дүние жасап жатқан кезде, оның жауапкершілігі де соған сай .

- Білім беру саласында жаңа бастап келе жатқан жас кәсіпкерге қандай кеңес берер едіңіз?

- Кез келген салада кәсіпкердің ең әуелі кәсібилігі маңызды. Білім саласында кәсібилік үш есе маңызды. Кәсіпкер өзі педагог және психолог болуға міндетті. Өйткені бизнесті жасайтын кәсіпкердің командасы.

Көп бизнестің кері кетуінің себебі - өзіміздің саламызға қатысы жоқ кәсіппен айналысу. Яғни кәсіпкер бизнес жасайтын саласының нағыз маманы болуы міндетті.

- Сұхбаттасқаныңызға көп рақмет!