“Кәсіпкерлер жаңа деңгейге шығуы қажет”: Алматыда қазақ тілінде бизнес форум өтті
Әділет Бағдат форумның негізгі миссиясы жайлы мәлімдеме жасады
Бүгін Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш қазақша форумның екінші кезеңі — «Sana Business Forum 2.0» өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Форумда спикерлер даму, инновация және жаңа серпіліс бағыттары бойынша кәсіби тақырыптарды қамтып, маңызды баяндамалар жасады.
Форумның басталуы барысында "Degusto Coffee" желілерінің негізін қалаушы және "Sana Foundation" құрылтайшысы Әділет Бағдат форумның негізгі мақсаты және миссиясы жайлы мәлімдеме жасады.
-Қазақ кәсіпкерлері жаңа деңгейге шығуы қажет, бүгінгі форум соның бастамасы болады-деді Әділет Бағдат.
Форумға бірқатар отандық кәсіпкерлер келді. Атап айтқанда, Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы - Аятжан Ахметжан, Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы - Ерлан Андаспаев, Mazmundama және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы- Шыңғыс Мұқан, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, Айжұлдыз Адайбекова, және өзге кәсіпкерлер сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының 2024 жылғы чемпионы және олимпиаданың бірнеше дүркін жүлдегері Елдос Сметов форумға арнайы келіп, өзінің жетістік формуласымен бөлісті.
Жақында Олипиада жүлдегері ағылшын тілін Лондон қаласында үйренбекші.
- Ағылшын тілін қолға алынып жатырмын. Қаңтар айының төрті күні Лондонға ұшамын. Лондонда 4 ай ағылшын тілінде білім аламын деді,- Елдос Сметов.
Айта кетелік, «Sana Business Forum 2.0» — бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен сала мамандарының арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа. Форумның басты мақсаты - қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру болып табылады.