Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болды
Құрлықтық чемпионат 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында жаттықтырушылар мен боксшылардың қатысуымен жиын өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселелердің бірі жаңа команда капитанын сайлау болды.
Нәтижесінде спортшылардың басым дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды.
Қазір боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық чемпионат 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиадада бокстан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін Назым Қызайбай қола жүлдегер атанған болатын.