Доллар 425-ке көтерілді

16 Наурыз, 2020 157 0

Дәл осындай көрсеткіш еліміздің бірқатар айырбастау нүктелерінде орын алып отыр. 

16 наурыз таңертеңнен бастап Алматы және Нұрсұлтан қалаларында доллар 420ден, кейбір айырбастау нүктелерінде 425 сатылуда. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында минут сайын көтерілуде 425-440 арасында, ал Нұрсұлтанда 420-425 аралығында сатылуда.

Американдық ақшаның бірден көтерілуі бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустың дүниежүзі елдеріне қауіп төндіріп, пандемия деп жариялағаны себеп болуы мүмкін. Еске сала кетерлігі, 9 наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін, Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар құны 399 ға жеткен еді.

Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық банкі баға тұрақтылығын сақтау мақсатында 12 пайыздық мөлшерлемеге өзгергенін хабарлаған еді.

Тегтер: доллар, айырбастау, теңге

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.