Жаңалықтар

Медельин картельдері сияқты: қоғам белсендісі Талғардағы өртке күйінді

Талғардағы өртке қатысты қоғам белсендісі Бурахан Дақанов өз Instagram парақшасында пікір білдіріп, бейнежазба қалдырды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бейнежазбадан қоғам белсендісінің Талғардағы өртке күйінгенін байқауға болады.

"Бүгін Талғарда қаза тапқан 16 жасар Шерзаттың үйін өртеп жіберіпті. Жалпы жәбірленушілердің үйіне неге күзет қойылмаған? Талғардың полициясы қайда қарап жүр?

Бірінші баласын өлтіріп, артынан елді шулатып, көзін бақырайтып қойып, үйін өртеп жібереді. Бұл не деген басынғандық?  
Кезіндегі 90-шы жылдардағыдай. Медельин картельдері сияқты. 

Мен ойлаймын, мұны қарапайым адамдар істей алмайды. Мұндай істі ұйымдасқан әрі тамыры тереңге кеткен қылмыскерлер тобы ғана істей алады"- деп жазды қоғам белсендісі.