Ішкі істер министрінің орынбасары Талғарда орын алған оқиға орнында
Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан марқұм Шерзаттың үйі өртенді. Оқиға орнына Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Бауыржан Аленов келді,- деп хабарлайды newsroom.kz
- Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, - деді Бауыржан Аленов.