Жаңалықтар

Астана-Көкшетау тас жолындағы 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланбақ

Ұлттық тасымалдаушы Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты 600 жолаушыны пойызбен эвакуациялайды

Ауа райының қолайсыздығы және Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды newsroom.kz.

2024 жылғы 12 қазанда «Астана-Көкшетау-Астана» бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайды. Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр,– дейді ұйым өкілдері.