Жаңалықтар

Илон Маск Tesla компаниясы жасаған жүргізушісіз таксиді таныстырды

Робототаксидің педалі де, рульі де жоқ

"We, Robot" деп аталатын іс-шарада Маск компанияның соңғы жетістіктері робототакси Cybercab және Robovan-ды көпшілікке көрсетті. Тіпті кәсіпкер сахнаға дейін осы робототаксимен келді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Робототаксидің педалі де, рульі де жоқ. Оның үстіне, онымен жүру қарапайым көлікке қарағанда он есе жеңіл. Cybercab лифтке ұқсайды, яғни бір түймені басасың да, қалған тірлікті робототаксиге қалдырасың", - дейді ол.

Илон Масктің сөзінше, көліктің құны 30 мың доллар да аз.