Жаңалықтар

Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті

Жапа шеккендер жоқ

Ақмола облысында орналасқан Сұрған станциясында электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиғаның мән-жайын ҚТЖ" ҰК" АҚ мәлімдеді. 

"9 қазан сағат 17-ден  40 минут өткенде  Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында  электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығуына жол берілді. Құрбан болғандар жоқ.  Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Оқиға себептерін тексеру үшін комиссия жіберілді"- деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.