“Күдіктілер істі болған”: Талғардағы 16 жасар жасөспірімнің өлімі
Жанжалға қатысқандар арасында бұрын сотты болған екі адам бар
Талғарда 16 жасар жасөспірімді аяусыз соққыға жығып, пышақ сұғып өлтірген күдіктілер жайлы дерек пайда болды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция мен прокуратура әзірге күдіктілердің аты-жөнін жарияламады. Алайда куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысқандар арасында бұрын сотты болған екі адам бар. Олар жасөспірімге пышақпен ауыр соққы берген Шынасыл Абзал және төбелеске қатысқан Нұрқияс Ілиясов.
Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы 8 сәуірде Ілиясов 2 бап бойынша кінәлі деп танылған. Сот оны 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кескен. Ал Шынасыл Абзал бұзақылық бойынша айыпталғанымен, жазадан құтылып кеткен.
Сондай-ақ, ақпараттар бойынша қазіргі уақытта 16 жасар жасөспірімнің өліміне кінәлі 7 ер адам ұсталған, оқиға орнында болған 2 қыз куәгер болмақ.