Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Таңғы асқа жұмыртқа жеудің пайдасы

Таңғы асқа жұмыртқа жеудің пайдасы

Таңғы асқа жұмыртқа жеудің пайдасы
ашық дереккөзі

Таңғы астың пайдасын біле тұра бір тілім нан жемей жолға шығатын сәттер болады. Егер денсаулығыңызды дұрыстап, артық салмақтан арылып, күні бойы өзіңізді жақсы сезінгіңіз келсе, таңғы асты ұмытпау қажет.

 width=
Таңғы асқа көбіне жеңіл әрі тез дайындалатын тамақ жеген дұрыс. Ал оның ең таптырмасы – жұмыртқа. Ғалымдар жұмыртқаның пайдасы туралы көп айтады. Massaget.kz  осыған қатысты бірер қызықты деректі жинап көріпті.
Тойымды
Жұмыртқаның құнарлы екені бәріне белгілі. Оның құрамында дәрумендер, минералдар, жоғары сапалы ақуыз бен пайдалы май бар. Бір жұмыртқаның өзінен А, В2, В5, В12 және селен дәрумендерін табуға болады. Бұған қоса аз мөлшерде кальций, темір, калий, мырыш, марганец, фолат сияқты пайдалы минерлары бар. Сол себепті жұмыртқа тойымды келеді. Ірі жұмыртқа 77 калория, 6 грамм ақуыз, 5 грамм пайдалы май және көмірсудан тұрады.
Қан құрамындағы холестеринді ретке келтіреді
Жұмыртқа жоғары холестеринді өнім саналады. Оның құрамында 212 мг холестерин бар. Бірақ бұған қарамастан жұмыртқаны тұрақты пайдалану қан құрамындағы холестериннің артуына түрткі болмайды.  Холестерин артерияда жиналып, қышқылданғандықтан ағзаға зиянын келтіреді. Алайда жұмыртқаның құрамында холестеринді тез ыдырататын антиоксиданттар көп.
Ақуызға бай
Адам ағзасы ақуызды синтездеу үшін 21 түрлі амин қышқылын тұтынады. Оның тоғызын ағза өздігінен өндіре алмайтындықтан күнделікті жеген тамағымыздан алады. Ал жұмыртқа амин қышқылы мен пайдалы ақуыздарға өте бай.
Көзге пайдалы
Лютеин мен зеаксантин – көз торында жиналып, күн сәулесінен қорғайтын антиоксидант. Осының арқасында көз аурулары асқынбай, сары дақ нашарламайды. Күнде 1 жұмыртқа жеген адамның 4,5 аптада қан құрамындағы зеаксантин 114–142%-ке, ал лютеин 28–50%-ке артады екен.
Салмақ тастауға көмектеседі
Жұмыртқаның құрамында ақуыз бен май көп болғанымен, көмірсу өте аз. Сондықтан жұмыртқа тойымды келеді. Рационыңызға жұмыртқаны қоссаңыз салмақ тастауға болады. Өйткені жұмыртқаны аз мөлшерде жесеңіз тойғаныңызды сезесіз.