Жаңалықтар

FlyArystan- да тағы шу шықты

Рейcті күткен 180 жолаушы әуежайда

Шымкент-Астана бағыты бойынша 4 қазанда ұшуы керек болған FlyArystan ұшағы бір тәуліктен бері көкке көтеріле алмай жатыр. Ал ондағы рейcті күткен 180 жолаушы әуежайда,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Ұшақ ішінде екі жүзге жуық жолаушы отырдық. Рейсті екі сағат күткеніміз аздай өлім аузынан қалдық. Әуе кемесінің дөңгелегі жүріп ұшуға сайланып бара жатқанда қатты дауыстар шығып, бәріміз айғайға бастық. Әйтеуір аманбыз. Ал ұшақ сол күйі көтерілмей жерге қонды. Содан бері жолаушылардың бәрі әуежайда сандалып жүр. Қонақүйге де орналастырмады”, – дейді жолаушылардың бірі Айгүл Мырзабекова.

Айта кетелік, FlyArystan өкілі техникалық себепке байланысты ұшақ рейісі кейінге қалғанын, бүгін ұшатынын айтты.