Жаңалықтар

Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкенте 5 қазан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ашық аспан болады. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, ақша бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 25 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,4 м/с деңгейінде болмақ.