Жаңалықтар

Астанада суицид жасаған 14 жасар қыз 1 ай бойы онлайн ойын ойнаған

Мәліметке сүйенсек, қыздың өзінде телефон да болмаған. Бірақ үйінде ноутбукпен соңғы бірнеше ай бойы онлайн ойын ойнапты. Бұл туралы тіпті ата-анасы да білмеген. Олар қызын, өз бөлмесінде үй тапсырмасын орындап жүр деп ойлаған екен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мектеп мұғалімдерінің сөзінше, оқушы қыздың оқу үлгерімі жақсы болған. Өзі де жайдары, белсенді қыз дейді. Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 1 қазанда елорда маңындағы Жібек жолы ауылында 14 жастағы қыз өз өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған еді. 2010 жылы туған қыз өз үйінің гаражында асылып қалған.