weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлеуметтік желінің әсері “Ашық алаңда” талқыланды

Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін түсінген жөн

Әлеуметтік желінің әсері “Ашық алаңда” талқыланды
Фото: baq.kz

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп өз Facebook парақшасында балалардың  гаджет құрсауында қалуына байланысты осы мәселені "Ашық алаңда" талқыланғанын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz

"Республика мәслихаттарының форумында Мемлекет басшысы балаларды қорғау мәселесіне ерекше тоқталды.

"Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін түсінген жөн",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

-Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселлің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпаудан басталады. Ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды. Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады... Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты, - деді Президент.

Екі күн бұрын “Ашық Алаңда" осы мәселені біз де қаузаған едік"- деп жазды Нұртөре Жүсіп.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→