Қазақстанда TikTok желісін жауып тастауды ұсынды
TikTok-тағы контент адам өміріне қауіпті
Сенат депутаты Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok платформасын бұғаттауды ұсынды. Оның сөзінше, TikTok-тағы контент адам өміріне қауіпті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ол Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында TikTok платформасында негатив контенттің көп таралатынын айтты. Мұндай мазмұндағы өнімдер балаларға психикалық және физикалық тұрғыда кері әсер ететінін жеткізді.
Сондай-ақ аталған желі азаматтардың жеке деректерінің киберқауіпсіздігі мен құпиялылығына қауіп төндіретінін атап өтті.