“Филип Моррис Қазақстан” Әуежай аймағында 600 кг қоқыс жинады
Экологиялық акцияны халықаралық “Let’s Do It! World” қозғалысы ұйымдастырды
2 қазан күні бүкіл әлемдегі еріктілер кезекті Дүниежүзілік тазалық күнін атап өтті. Бұл экологиялық акцияны халықаралық «Let’s Do It! World» қозғалысы ұйымдастырып, жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде өткізіп тұрады,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясының мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру. Жыл сайын осы маңызды шараға қоғам, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдар белсене қатысады. Мысалы, Қазақстанда «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының 55 қызметкері және олардың отбасылары бұл шараға қосылып, Әуежай көлінен 583 кг-нан астам қоқыс жинады.
«Әуежай көлі алматылықтар үшін қаланың көрнекі жері мен демалыс аймағы ретінде ғана емес, биоәртүрлілікті сақтау үшін маңызды орын ретінде де бағалы. Мұнда қамыс өскіндері мен көптеген құс пен жануар мекендейді. Біздің міндетіміз – осы орынды бастапқы қалпында сақтап, оның тазалығын қамтамасыз ету. Экологиялық мәселелерді шешу үшін барлық тараптардың, соның ішінде тұрақты дамудың маңызды мақсаттарының бірі —қоршаған ортаны қорғауда өз рөлін түсіне бастаған бизнестің де күш-жігерін біріктіру аса маңызды.
«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы өндірістік процестерде де, олардың шеңберінен тыс та табиғатты қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстандағы халықаралық AWS (Alliance for Water Stewardship) стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған жалғыз компания ретінде «Филип Моррис Қазақстан» су ресурстарын қорғау жұмысына үлкен назар аударады. Біз бизнесіміздің қоршаған ортаға, оның ішінде климаттық өзгерістер мен су ресурстарының тапшылығына әсерін мұқият зерттеп, бейімдеу үшін жұмыс істеп келеміз», – деп атап өтті ФМК-ның тұрақты даму менеджері Индира Байғарина.
«Филип Моррис Қазақстан» Дүниежүзілік тазалық күніне арналған ауқымды акцияларға бірнеше жыл бойы қатысып келеді. Мәселен, өткен жылы Алматыда компанияның 70-тен астам қызметкері өз отбасыларымен бірге Әуежай көлінен 694 кг қоқыс жинады.
Ал 2019 жылы компанияның шамамен 100 қызметкері халықаралық экоакцияға қатысып, Бутаков шатқалын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Компания қызметкерлері 30 тянь-шань шыршасын отырғызды.
Жыл сайын Дүниежүзілік тазалық күніне қатысумен қатар, «Филип Моррис Қазақстан» тағы бір маңызды әлеуметтік-экологиялық жоба – StopMusor бағдарламасын қолдайды. Бұл бастаманы Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығы ФМК-мен серіктестікте жүзеге асырып келеді. Төрт жыл ішінде StopMusor ұйымдастырушылары мен еріктілері 100-ге жуық әртүрлі шаралар, сенбіліктер мен байқаулар өткізді. Жобаның аясында мобильді қосымша мен stopmusor.kz арнайы сайты жұмыс істейді. Әрбір тұрғын осы платформа арқылы өз қаласындағы рұқсатсыз төгілген қоқыстар немесе басқа экологиялық мәселелер бойынша шағым түсіре алады. Барлық өтініш Қауымдастыққа жіберіліп, мәселені шешу үшін тиісті органдарға жіберіледі. Мысалы, 2023 жылы заңсыз тасталған қоқыстар, судың ластануы және құрылыс қалдықтары сияқты мәселелерге қатысты шамамен 430 шағым қабылданды.
«Филип Моррис Қазақстан» өндірістің барлық кезеңінде қоршаған ортаға әсерді азайтуға ұмтылады. Компания кеңсе ғимаратына интеллектуалды жарықтандыру жүйесін орнатып, өндірістік жабдықтарды жаңартты, суды жылытуға арналған күн панельдерін және энергия үнемдейтін құралдарды енгізді. Бұл шаралар парник газдар шығарындыларын айтарлықтай төмендетуге әкелді. Соңғы 10 жылда өндіріс қызметінің көміртек шығарындылары екі есе азайды. Зауыттағы қалдықтардың шамамен 91%-ы қайта өңдеуге жіберіледі.
2019 жылы ФМК экологияға қосқан үлесі үшін «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Парыз» мемлекеттік сыйлығын иеленді. Ал 2020 жылы компания ұлттық «Жасыл кеңсе» байқауында жеңімпаздардың бірі болды.