Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкентте 3 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 29 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с деңгейінде болмақ.