Елімізде Атом есімі қойылған 5 адам бар
Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан
Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады,- деп хабарлайды newsroom.kz 
 
 Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі: 
 - Атомжан — 2 адам 
 - Атомбек — 6 адам 
 - Атомвек — 2 адам 
 - Атомтай — 1 адам
 
 Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.
Айта кетелік, бұл ретте елімізде Референдум есімді адам жоқ.