Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкенте 2 қазан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ала бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, қара бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 14 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,6 м/с деңгейінде болмақ.