Жаңалықтар

IFC қалдықтарды басқару жүйесін дамытуда Алматы қаласын қолдайды

IFC негізгі ұсыныстарына қалдықтарды жинау жүйесін қайта құрылымдау және кеңейту

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесуі барысында Алматыда экологияны жақсартуға және қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған әрі қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін реформалау бойынша зерттеудің аралық қорытындылары ұсынылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа бастамалар үздік халықаралық тәжірибелер мен технологияларды ескере отырып, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін тұрақты инфрақұрылым құруға ықпал ететін болады. IFC негізгі ұсыныстарына қалдықтарды жинау жүйесін қайта құрылымдау және кеңейту, қоқыстарды бөлек жинауды енгізу, қалдықтарды шығару жүйесін оңтайландыру, инфрақұрылымға инвестициялар тарту, қайта өңдеу қуаттарын жаңғырту, механикалық және биологиялық өңдеу, компост қондырғыларын дамыту, заманауи санитарлық полигон салу және т. б.

Зерттеу 2023 жылғы 4 қазанда Алматы әкімдігі мен IFC арасында жасалған меморандум аясындаSeureca француз компаниясының IFC (175 мың АҚШ доллары) гранттық қаржы есебінен жүргізіледі. Бұл шаралар Алматыға экологиялық тұрақтылықтың жоғары стандарттарына қол жеткізуге, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

Айта кетелік, халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) — бүкіл әлем бойынша экономикалық өсу мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін жеке секторды қаржыландыруға және тұрақты дамуға маманданған Дүниежүзілік банк тобының мүшесі.