Оқиға 30 қыркүйекте сағат 18:40-та болған. Желіде тараған видеодан полиция қызметкерінің жол үстінде жатқанын көруге болады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция мәліметінше, патрульдік полицейді Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Оқиға салдарынан ол түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
"Қазір оқиғаға қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Сараптама қорытындысына сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Көлік жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көзі күнге шағылысып көрмей қалғанын және өкінетінін жеткізді", – деп жазылған полицияның жауабында.