Мәдениет

Отандық “Бауырына салу” фильмі “Оскарға” ұсынылыпты

Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады.

Сондай-ақ, дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Айта кетелік, жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады.

Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі.