Сымсыз құлаққап қыздың құлағында тұрғанда жарылып кеткен
24 жастағы студент өзіне сымсыз құлаққап сатып алған
Түркияда бойжеткен жігітінің жаңа құлаққабын тыңдау кезінде құрылғы жарылып, оң құлағы естімей қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Деректерге сүйенсек, 24 жастағы студент өзіне сымсыз құлаққап сатып алған. Сүйіктісі құрылғыны ашқан кезде сынап көргісі келген. Қаптамадан алғаннан кейін оң жақ құлаққап жарылып, қыздың бір құлағы біржола естімей қалған.
"Олар оралған қорапта шамамен 36% қуатталған күйде келді. Біз медициналық қорытынды алып, Samsung компаниясына хабарластық. Олар құлаққапты қызмет көрсету орталығына апаруға кеңес берді", — деп жазды ол.
Samsung кеңесшілері кешірім сұрап, құлаққапты жаңасына ауыстыруды ұсынған.