Мәдениет

"Назар аудар" театрының актері Ғазиз Ерболат сұхбат берді

Назар аудар театрының актері, танымал өнер иесі Ғазиз Ерболат жеке шығармашылығы және алдағы театр жоспарлары жайлы арнамызға сұхбат берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

- Болашақта актерлік мансабыңызды одан әрі дамытып, киноларға түсу жоспарыңызда бар ма?

- Алдағы уақытта «Назар аудар» театры үлкен кино түсіру жоспарлауда. Одан бөлек, YouTube жобамыз бар және театр концерттері бойынша ауқымды жобалар жоспарда бар. Қараша айында гастрольдік іссапар ұйымдастырамыз. Іссапар өз мәресіне жеткен соң, бастағалы тұрған киноға сценарий жазу жұмыстары ойда бар.

- Кино түсіріліп жатса, продюсері кім болғалы тұр?

- Еліміздегі білікті продюсерлердің бірі. Бір емес, екі туындысы халықтың тарапынан жоғары бағаланған, өнерде өзіндік орны бар Ақболат Утебай.

-  Назар аудар театры гастрольдік сапармен  еліміздің қай өңірлерінде концерт өткізеді?

- Ең алдымен концерттік бағдарламаны Батыс Қазақстан аймағында өткізу жоспарда бар. Содан соң еліміздің өзге де аймақтарында концерт өткіземіз.

- Назар аудар театрынан бөлек, жеке фильм түсіру ойда бар ма?

- Театрдан бөлек, YouTube сериал түсіру жоспарда бар. Бұған дейін, Instagram желісіндегі парақшамда « Пистолет Серік» деп аталатын қысқа форматта сериал түсірдім. Туынды көрерменнің және оқырмандарымның тарапынан жоғары бағаланды. Театр актерлерінің тарапынан  әрі қарай дамыту жайлы ұсыныстар түсті. Жалпы болашақта бұл бастаманы қолға алу ойда бар.

- «Назар аудар» театрына шет елдерде концерт беру бойынша ұсыныстар жиі келеді ме?

Шыны керек, ұсыныстар өте көп. Биыл осы жазда АҚШ- та концерт беру жайлы ұсыныс келді. Алайда Батыс Қазақстанда болған жайтқа байланысты, бұл жоспар кейінге шегерілді. Алдағы уақытта ұсыныстар келіп жатса дайынбыз. Жалпы көршілес елдерден сондай-ақ Оренбург және Ұланбатыр сынды қалаларда концерттік бағдарлама өткізу бойынша ұсыныстар жиі келеді.

- Сұхбаттасқаныңызға көп рақмет!