Жаңалықтар

Президент Түркістан облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді.

Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.

Еске салсақ, президент Түркістан облысына былтыр жазда барған еді. Ол кезде мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысына қатысты.