Жаңалықтар

Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті

 

Түркістан облысы полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымы кең жедел кеңес өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жедел кеңеске Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев аталған екі мекеменің басшы құрамымен облысқа қарасты полиция басқарма, бөлім басшылары және департаменттің жеке құрамы қатысты. 

Сондай-ақ қалалық, аудандық полиция бөліністері селекторлық бейнебайланыс арқылы қосылды. Күн тәртібінде “Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының жай-күйі туралы” мәселе қаралды. Бұл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен тергеу басқармасы басшысы Марат Кударов, полиция департаментінен өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев баяндама жасады.

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына, оның болашағына кері әсерін тигізетін індет. Осы дертке жол бермеу үшін, біз ай сайын өтетін жиналысымызда алдын алу шараларын, мәселелерін қараймыз. Өзгелердің қателігінен сабақ алып, заңсыз әрекеттерге мүлде жол бермеу керектігін қатаң ескертіп отырамыз, – деді ПД бастығы.

 

Жедел кеңес соңында құқық қорғау саласында болған бірқатар сыбайлас жемқорлық дерегі туралы бейнеролик көрсетілді. Жиналғандарға мұндай заңсыз әрекеттерге қашанда бөгет қойылып, заңмен жауапкершілігі қаралатыны ұғындырылды. Мұрат Төлеубаев қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыруын міндеттеді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерін Конституция мерекесімен құттықтады. 

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіздер. Болмашы нәрсенің салдары немен аяқталатынын ұғындырыңыздар. Профилактика ретінде арнайы іс-шаралар мен дәрістерді үзіліссіз өткізіңіздер, – деп атап өтті М.Төлеубаев.