Бүгінде коронавирус инфекциясының қаупі басылмай отыр. Сондықтан індеттің алдын алу барысындағы негізгі талаптарды білу мақсатында Шымкент қаласы ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Машировтың пікірін білдік.
Маманның айтуынша, ең алдымен бетперде тағу режимі басты назарда болып, қоғамдық ортада міндетті түрде бетперде тағылуы керек.
«Екіншіден, жеке гигиеналық талаптар қатаң сақталуы керек. Көпшілік орыннан үйге оралған соң, қолды сабынмен жақсылап жуу, дезинфекциялау немесе бір реттік пайдаланатын қолғаптар киіп жүру қажет».
Осы ретте орынбасар ел ішіндегі кейбір алып қашпа әңгімелерге жауап берді.
«Елімізде аталған инфекцияны жұқтырған науқастардың 87%-ында ауру жеңіл түрде өтуде. Сол себепті халық арасында әртүрлі сөздер таралуда. Бірақ бұл қисынға келмейді. Яғни науқастарда қызуы көтерілмей, жөтелмей-ақ, індеттің инфекциясы анықталуда».
Бұл орайда Қожахмет Маширов қаламыздағы медицина қызметкерлерінің коронавирус инфекциясымен күресу жолындағы жұмыстарын атап өтті.
«Шымкент қаласының медицина қызметкерлері бүгінде бірінші кезекте коронавирус инфекциясына күдікті жандарға зертханалық жұмыстар жүргізіп, оларды оқшаулауда. Одан бөлек, өзге аурумен стационарлық емге жолданған науқастарға скрингтік жұмыстар жүргізуде. Бұл таңдаулы эпидемиологиялық қадағалаудан төтенше жағдайға тартылған мамандарды да өткізуде. Өз кезегінде қала тұрғындарынан санитарлық нормаларды сақтап жүрулеріңізді сұраймын», - деді Қожахмет Маширов.