Қылмыс

“Бес ақбөкеннің еті бар”: полиция браконьерлікке күдіктіні ұстады

Пакетте бес ақбөкеннің еті бар

22 қыркүйекте полицейлер "Охотзоопром" АФ қызметкерлерімен бірлесіп, Қарабұтақ ауылы маңындағы Самара — Шымкент тасжолында "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Lada Largus автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция мәліметінше, 42 жастағы көлік жолаушысының айтуынша, пакетте бес ақбөкеннің еті бар, ол оны Ырғыз ауданының аумағында мотоциклмен соққан.

Айта кетелік, Келтірілген шығын көлемі шамамен — 20 млн теңге. Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталыпты.