Сараптама

Халықтық штаб “Мұнайтелеком” ұжымымен АЭС құрылысын талқылады

Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб «Мұнайтелеком» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, атом электр станциясын салу мәселесін талқылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Кездесуде облыстық халықтық штабтың өкілдері АЭС құрылысының экономикалық тиімділігіне, технологиялық және ғылыми, әлеуметтік, саяси аспектілеріне, баламалы энергия көздерінің мүмкіндіктеріне тоқталды. Ал жиынға қатысқан мұнай саласының қызметкерлері АЭС-ның табиғи апаттарға төтеп беру қауқары, саяси қауіпсіздік мәселесі алаңдатындарын жеткізді. 

- Ұжым қызметкерлері маңызды сұрақтарды қойды. Барлығын бірінші алаңдататыны АЭС-тің қауіпсіздігі. Әрине, осындай сұрақ мазалайтыны белгілі. Елде атом электр станциясын салуға ІІ және III+ буынды реакторлар қолданылады. Ол пассивті қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Яғни, апатты ауыздықтау үшін операторлардың араласуы немесе электронды құрылғыларды пайдалану міндетті емес,  - дейді халықтық штаб мүшесі Нури Тұмышев.