“АЭС-ті салу электр қуатының жетіспеушілігін жояды”
Қажетті деңгейде қуат көзін қолдану үшін қазірден бастап қамдану қажет
«Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша инженері Ақжол Көкенов атом электр станциясы елімізге салыну қажет құрылыстың бірі деген пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz
-Елімізде АЭС салуды толықтай қолдаймын. Себебі, ол болашақта электр қуатының жетіспеушілігін жоятын болады. Қажетті деңгейде қуат көзін қолдану үшін қазірден бастап қамдану қажет. Бүгіннен бастасақ, ертең жемісін көреріміз анық. Сондықтан, 6 қазан күні референдумға барып, халық болып бір ауыздан дауыс беріп, атсалысайық!, - деді Ақжол Көкенов.