Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді
Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алады
Голландиядан Іле-Балқаш қорығына Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін ұрғашы және еркек жолбарыс әкелінді. Олар Іле-Балқаш қорығына қоныстанды. Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізілетінін айтқан.
Сондай-ақ келер жылы Ресейден тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланып отыр.