Жаңалықтар

Еліміздің мегеполистерінде бүгін ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкентте 23 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын түспейді. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн алабұлтты болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с деңгейінде болмақ.