Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды
19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен
Алматыда Шекара академиясының курсанты көз жұмды. Оқиға түнгі уақытта орын алған. Деректерге сүйенсек, 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Ұлттық қауіпсіздік қызметі ақпаратты растады,- деп хабарлайды newsroom.kz
«2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды.
Өлімге биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлар анықталуда»,- делінген ақпаратта.
Әлеуметтік желіде таралған хабарламада оның 1-курста оқитыны, 21 қыркүйек күні уақытша демалыс алып, содан кейін хабарсыз кеткені мәлім болды.
Айта кетелік, осы факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.