Жаңалықтар

Алматыда 12 жасар жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап мерт болды

12 жасар қыз қосымша сабаққа баруы керек еді

Әлеуметтік желіде Алматыда 12 жастағы қыз көпқабатты үйдің он үшінші қабатынан құлап кеткені туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz

"12 жасар қыз қосымша сабаққа баруы керек еді, бірақ ол 7-қабаттағы пәтерінен шығып, 13-қабатқа көтеріліп, балконнан секіріп кеткен", – делінген желідегі мәліметте.

Деректерге сүйенсек қыз қауіпті ойын ойнаған. Дегенмен полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Осы факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Көз жұмған баланың қауіпті ойындар ойнап, өз-өзіне қол жұмсау туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.