Жаңалықтар

АЭС: Маңғыстаулық кәсіпкер халықты өз ұстанымын білдіруге шақырды

Халықтың саны өскен сайын қажеттілігі де артады

Гүлзар Таңатарова  бірнеше жылдан бері сауда-саттықпен айналысатын кәнігі кәсіпкер. Ол халықтың әл-ауқатын жақсарту  үшін АЭС-тің маңызы зор боларына сенім білдіреді,- деп хабарлайды newsroom.kz

- Халықтың саны өскен сайын қажеттілігі де артады. Табиғатта  көмір, мұнай секілді шикізаттың қоры шектеулі ғой. Ертеңімізді бүгін ойлаған жөн. Сондықтан да атом тұрақты энергиямен қамтыса, мен қолдаймын. Елдің тұрмыс күйін көтеретін шешім шығару қажет. 6 қазан күні барша халықты, кәсіпкерлерді өз таңдауын жасауға  шақырамын!,-дейді Гүлзар Таңататорова.