Сараптама

Маңғыстауда газ кен орынының қызметкерлері АЭС-ті талқылады

АЭС үздіксіз  қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы

Маңғыстауда газ кен орынының қызметкерлері АЭС құрылысын талқылады. Бейнеуде АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері «Қаз Азот» АҚ қарасты «Шағырлы - Шөмішті» ЖШС ұжымымен жиын өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бейнеуде халықтық штаб мүшесі  Назарбек Қадір елімізде АЭС үздіксіз  қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы екенін айтады. 

АЭС кез келген жағдайда электр қуатымен жабдықтау желілерінің жүйелі жұмысын қамтамасыз етеді.

- Атом станциялары парниктік газдар немесе мұнай өнімдері сияқты қоршаған орта үшін зиянды қалдықтарды шығармайды және олардың радиациялық әсерінің үлесі өте аз. Әлемнің әртүрлі елдерінде атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғат үшін қауіпсіздігін дәлелденді,- деді халықтық штаб мүшесі Ардақ Бораш.

Сондай-ақ, штаб мүшелері республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңызы мен АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы өзара пікір алмасып, 6 қазан күні өз таңдауын жасауға шақырды.