Сәбит Рысбаев өз Facebook парақшасында отандық әншілердің салық төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Қайбір жылы Ресейде Черномырдин үкіметті басқарады ғой. Виктор көке дауайте әнші, әртіс жалпы өнер адамдарының табыстарын санайық депті. Сосын әншілерден есеп ала бастапты. Орыстар біздікілерге қарағанда бақуаттылау ғой. Жеке ұшақ жалдап жүретін әншілері де бар. Сөйтсе жарықтықтардың ішінде жылдық табыстарын 100-200 доллар деп көрсеткендері болған екен.
Біздің әншілерді де қарап қою керек еді. Той пой болса ауыздарын ашады ғой. Жәй еден жуушы табысынан 30% салық төлейді. Сол жұмысқа пара беріп кіріп, айына 100 мыңнын шамасында айлық алуы мүмкін. Әншілер үй пүйлерін көрсетіп мақтанғанда бәледей. Салық жағы не болып жатыр екен? Ашықтықты бастап жатқанын 4 қолдап қолдаймын. Акбота Керимбекова апай әріптестеріңіз не дер екен? Өзіңіз бастап, қалған әншілер қолдап табыстарыңыздан салық жағынан ашықтыққа өте аласыздар ма? Әйтпесе кейбір әншілердің айналымы жеңілдетілген салық емес, табыс салығы әрісі ҚҚС-ына өтіп кеткендері де бар. Қайрат Нұртасқа 7000 доллар беріп тойына шақырған 2 адамды білемін. Ал енді есептей беріңіздер"- деп жазды Сәбит Рысбаев.