Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде 25 градуска дейін жылынады

Астана, Алматы мен Шымкенте 20 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,3 м/с болады.

Шымкентте бүгін аздаған бұлт болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,1 м/с деңгейінде болмақ.