Жаңалықтар

Дөнер жеген депутаттар қарапайымдылықтың үлгісін танытты

Әлеуметтік желіде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдап келген Мәжіліс депутаттарының бейнежазбасы тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бейнежазбаға сүйенсек, Мәжіліс депутаттары Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен қазақ пен қырғыз арасындағы көкпар ойынын тамашалауға келген.

Сондай-ақ, бейнежазбада бірқатар мәжіліс депутаттары дөнер жеп тұрған кадрды байқауға болады. 

Айта кетелік, Еркеғали Балажанов өз Facebook парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Пиар сатамын. Өте арзан. Біреуін алсаңыздар төртеуі тегін. Ал, видеоға келер болсам, депутаттарымыз аман болсын,- деп жазды Еркеғали Балажанов.