Жаңалықтар

Семейде ер адам жигули көлігіне сиыр тиеген

Семейде сиырларды "жигулиге" тиеп алған ер адам анықталды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Абай облысының тұрғыны "жигулидің" салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады.

Айта кетелік, 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.