Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкентте 18 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с деңгейінде болмақ.