Маңғыстауда Чернобыль ардагерлері АЭС құрылысын қолдады
АЭС-ке қызмет көрсету үшін персоналды даярлау қажеттілігі бар
Ақтаудағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа қатысушылар Қазақстан аумағында атом электр станциясын салуды жақтады.Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Чернобыльдіктердің көзқарасын облыстық Чернобыль ұйымы төрағасының орынбасары Юрий Кержбаум білдірді.
- Мен атом электр станциясын салу бойынша үш рет талқылауға қатыстым. Оны салу мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдарында көтерілді. Ал 2002 жылы Маңғышлақта станция салғысы келді. Бұл жолы талқылау сәтті аяқталып, оң шешім қабылданады деп үміттенемін. Өйткені, егер біз ел экономикасын дамытқымыз келсе, бізге өзіміздің тәуелсіз энергетикамыз қажет. Қазіргі электр станцияларының 65% -ы тозған. 10 жылдан кейін оны есептен шығару қажет болады. Ал мемлекетке энергия сатып алу тиімді емес. Сондықтан болашақ ұрпақ қалай өмір сүретіні туралы ойлану керек. Адамдар Балқашта су қалмайды, мамандар жетіспейді деп қорқады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Қазір Чернобыль реакторларының нұсқасы қарастырылмайды, шетелде 3, 3 + буын реакторлары бар. Айта кетсем Чернобыльда реактор кінәлі емес еді, апат адам факторына байланысты болды, - деді Юрий Кержбаум.
АЭС-ке қызмет көрсету үшін персоналды даярлау қажеттілігі бар. Қазақ Ұлттық университетінде арнайы мамандарды даярлайтын факультет ашылған. Елімізде атом энергетикасымен айналысатын адамдар да бар. Жақында ұйым мүшелері Алматыдағы ядролық орталыққа баруды жоспарлап отыр.
- Біз бір нәрсені түсінуіміз керек. Энергетикалық тәуелсіз елде өмір сүргісі келетін халқымыз АЭС-тің мемлекетке пайдасын ескере отырып шешім қабылдауы тиіс, - дейді Юрий Кержбаум.