Әлем

Сұмдық! Швейцария аруын күйеуі өлтіріп денесін блендрмен ұсақтаған

Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы  New York Post сайтына сілтеме жасап. 

13 ақпанда Кристина мерт болды. Оның денесінің бөліктері Базель қаласында табылды. Оны 41 жастағы күйеуі Томас өлтіргені анықталды. Жұптың екі қызы бар.

Айта кетелік, психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.

Сондай-ақ, ер адам полицияға әйелі оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталды, бірақ сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды. Сотта Томас суыққанды және эмпатияға қабілетсіз адам деп сипатталды.