Жаңалықтар

Ақтаулық жас маман: “АЭС қоршаған ортаны ластанудан қорғайды”

Жас маман ретінде мен АЭС салуды қолдаймын

Атом энергетика саласында жұмыс істейтін жас маман Маржан Елтизарова елімізде АЭС салуға қарсы емес екенін жеткізді. Ол – Маңғыстау атом электр комбинатында БН-350 реакторлық қондырғысының техникалық қолдау көрсету бөлімінің инженер-технологы,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Жас маман ретінде мен АЭС салуды қолдаймын. Менің ойым - түзу. Атом энергетикасы – сенімді, тұрақты энергия көзі. Әлемде көптеген елдер атом энергетикасын пайдаланады» - дейді Маржан Елтизарова. 

Маржанның сөзінше, АЭС – ең тиімді, таза энергия өндіру көзі.

«Біз білетін әлемдік 17 тұрақты даму жоспары бар. АЭС құрылатын болса, біз жетінші тұрақты даму жоспарын, таза энергия көзін қолданамыз. Бұл – ең тиімді, пайдалы, шығыны өте аз болатын энергия көзі. Жерден көмір қазғанда ауа, су, климат ластанады, ал АЭС салынса, қоршаған орта барынша таза болады» - дейді жас маман.