ДКО: Дүбірлі додада Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Додаға 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысты
Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру дирекциясы бастапқыда этноспорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Шетелдік құрамалардың өтініші бойынша жарыс барысында дәстүрлі садақ атудан қосымша «пұт», «қалқан» және «жамбы» нысаналары бойынша қыздар сайысы қосылып, медаль жиынтығы 100-ге жетті.
Төрткүл дүние көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өз мәресіне жетті. 21 спорт түрінен тартысқа түскен 89 ел спортшыларының ішінде ұлттық құрама спортшылары көш бастап, ойынды 114 медальмен аяқтады. Қазақстан үлесіне 43 алтын, 34 күміс, 37 қола бұйырды.