ӘМСҚ медициналық ұйымдарға 570 миллиард теңге қарыз
ӘМСҚ медициналық ұйымдарға бұрын берілген аванстарды қоса алғанда 1,5 триллион теңге төледі
Қор мәліметінше, Қаржы министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қарыз. Сондай-ақ қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін 116 млрд теңгеге қосымша қаржыландыра алмайтынын мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz
"Қаржы министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігі мен қор алдындағы берешегі – 571 млрд теңге. Оның ішінде 240 млрд теңге – медициналық көмек үшін, 315 млрд теңге – 2024 жылғы наурыздан бастап жеңілдетілген санаттағы азаматтар үшін мемлекет жарналары үшін", – делінген хабарламада.
ӘМСҚ медициналық ұйымдарға бұрын берілген аванстарды қоса алғанда 1,5 триллион теңге төледі.