Жаңалықтар

Оқушыларға 5,5 млн теңге: Халықаралық олимпиада жүлдегерлері сыйақы алады

Оқушыларға сыйақы халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін беріледі. 26 оқушыға берілетін сыйақының жалпы сомасы 77,5 млн теңгеден асады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алтын медальға – 5,5 млн теңге, күміс үшін – 3,7 млн теңге, қола медаль үшін – 1,8 млн теңге мөлшерінде сыйақы алады.

Оқушыларды дайындаған педагогтер де біржолғы сыйақы алады. Сондай-ақ халықаралық олимпиада жеңімпаздарына еліміздегі оқу орындарына білім гранты беріледі.