Жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан мен жабайы құстар асыраған

Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді

Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді.

Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


.